1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Футбол
Кеше 09:51
 

"Галатасарай" азшылықта қалған "Ювентусты" оңдырмай "жазалады"

  Пікірлер

blog.share

"Галатасарай" азшылықта қалған "Ювентусты" оңдырмай "жазалады" ©facebook.com/Juventus

Туриндік "Ювентус" Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында түркиялық "Галатасарайдан" оңбай жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Туриндік "Ювентус" Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчында түркиялық "Галатасарайдан" оңбай жеңілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ыстанбұлдағы ойран

Кездесу Ыстанбұлдағы "РАМС Парк" стадионында өтіп, 5:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. "Галатасарай" сапында Габриэл Сара (15), Ноа Ланг (49, 75), Дэвинсон Санчес (60) және Саша Боэ (86) гол соқты.

Ал "Ювентус" құрамында дубльді Тен Копмейнерс (16, 32) еншілеп, командасын ойынға қайта қосты. Алайда 67-минутта қорғаушы Хуан Кабаль екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Туриндік ұжым матчтың қалған бөлігін он ойыншымен өткізді.

Тарихи антирекорд

Бұл "Ювентус" үшін соңғы бес жылдағы Чемпиондар лигасындағы ең ірі жеңіліс болды. Соңғы рет туриндіктер 2021/22 маусымында ірі есеппен ұтылған. 2022 жылдың 16 наурызында "Вильярреал" оларға жауапсыз үш гол соққан еді.

Сонымен қатар, "Ювентус" клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасы матчында бес гол жіберіп отыр. Бұған дейін туриндіктер еурокубоктарда 1958 жылы "Винер" командасынан (0:7) ойсырай ұтылған. Бұл Кубок еуропалық чемпиондар турнирінде тіркелген, деп жазады Opta Sports.

Қарымта матч 25 ақпанда Туриндегі "Альянц" стадионында өтеді.

Жалпы кезең қорытындысы бойынша "Галатасарай" 10 ұпай жинап, 20-орынға тұрақтады. Ал "Ювентус" 13 ұпаймен 13-сатыға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!