Футбол
20 шілде 2020 17:38
 
Футзалдық клубтың экс-директоры ер адамның басынан оқ атты деген күдікпен ұсталды

  Пікірлер

blog.share

Футзалдық клубтың экс-директоры ер адамның басынан оқ атты деген күдікпен ұсталды Сурет: Болат Жахиннің twitter желісінен

Белгілі футзал маманы Болат Жахин қылмыс жасады деген күдікпен Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды "Гол емес" телеграм арнасы. 

Мәлімет бойынша, 16 шілде түнде Жахин итімен серуенге шығып, ерлі-зайыпты адамдармен жанжалдасып қалған. Салдарынан ер адамның басына травматикалық "Оса" тапаншасынан оқ атылған. 

38 жастағы ер адам №4 қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол бас сүйегі-ми ашық жарақатын алған, бас сүйегін оқ тесіп, бас миы жарақаттанған. Ер адамға ота жасалып, ол есіне келді. 

53 жастағы Жахин төреші-информатор болған, ҚФФ футзал және жағажай футболы департаментінің директоры қызметін атқарған, сонымен қоса, Қазақстан құрамасының менеджері және жаңаөзендік "Мұнайшы" МФК спорт директоры болған екен.

Жарнама

Живи спортом!