Футзалдық "Қайраттан" бірнеше легионер кетуі ықтимал

20 желтоқсан 2021 18:09
©"Қайрат" АФК

"Қайрат" АФК маусымның екінші жартысында негізгі командадағы бірнеше ойыншыны жалға беру жолын қарастырып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чемпиондар лигасынан шығып қалғаннан кейін команда Қазақстан чемпионатына бар назарын салады, ал оны ұту үшін қазіргі легионерлердің бәрі қажет емес. "Қайрат" бұрын да осындай жағдайда ойыншыларды жалға берген. Осы қыста алматылықтар сапынан уақытша Савио, Витао мен Ранжел сияқты бразилиялықтар кетуі мүмкін. 

Еске салайық, элиталық раундта үшінші болған "Қайрат" Чемпиондар лигасының финалдық кезеңіне өте алмады. Ал ішкі біріншілікте Пауло Рикардо Кака жаттықтыратын команда тоғыз тур қорытындысы бойынша 24 ұпаймен бірінші келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: