Футзалдық "Қайрат" бразилиялық әмбебап ойыншыны Италиялық клубқа жіберді

Луизиньо. Сурет: Никита Басов©
"Қайрат" АФК барзилиялық әмбебап ойыншы Луизиньомен қош айтысты, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық командада жарты жыл ғана өнер көрсетекен футболшы Италияда "Сандра Абате Авеллино" командасының намысын қорғайтын болады. 

Чемпиондар лигасындағы нашар көрсеткіштерден кейін "Қайрат" осындай қадамға барып отыр. Луизиньо алматылық клубқа 2019 жылы жазда өткен болатын. Бразилиялық үшін Италия чемпионаты бұрыннан таныс. Бұрын ол "Реал Риети" үшін ойнаған.

Еске салайық, "Қайрат" осы маусымда еурокубоктарда нашар ойнап, Элиталы раунд кезеңінде шығып қалды. Команда Чемпиондар лигасының алты матчінің төртеуінде ұтылды. Сонымен бірге, L'Equipe басылымы "Қайрат" ойыншысы Дугласқа "Акссес" командасы қызығушылық танытқанын хабарлаған.