Футзалдан Украина құрамасының бапкері Александр Косенко Еуро-2022 ширек финалында Қазақстанды ұтқандарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды УЕФА сайты.
"Түсімде сияқты. Демалып барып, Ресей - Грузия матчін көру керек. Қарсыласымыз кім болатынын білген жөн. Тағы бір күн демалысымыз бары жақсы. Жеңе алатынымызға қай уақытта сенгенімді айту қиын. 3:0 есебімен алда болғанда да, олар есе қайтаруы мүмкін екенін білдік. Футзалда он секундта екі гол соғуға болады. Жігіттерге таблоға қарамай, соңғы секундқа дейін ойнаңдар деп айттық", - дейді Косенко.
Қазақстан құрамасы Еуро-2022 турнирін аяқтады