Футзалдан плей-оффтың жартылай финалистері белгілі болды

Фото: КФФ©

Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі жартылай финалда өнер көрсететін командалар анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жартылай финалда алаңғы шығатын командалар төмендегідей:

«Қайрат» АФК - «Аят» МФК

«Атырау» МФК - «Ақтөбе»

Бірінші жартылай финалда «Қайрат» пен «Аят» командалары 14, 15 және 18 сәуір күндері кездеседі. Аталған командалар үш ойын қорытындысында жеңімпазды анықтай алмаса, 19 және 22 сәуірде төртінші және бесінші матчтар өтетін болады.

Ал, екінші жартылай финалдың «Атырау» - «Ақтөбе» жұбы арасындағы кездесу 16, 17 және 20 сәуірге жоспарланған. Бұл жерде де қос команда арасында үздігі анықталмаса, жеңімпазды анықтау үшін командалар төртінші және бесінші ойындарды 21 және 23 сәуірде өткізеді.

Барлық ойындар Алматы облысында өтеді.

Метки:
Жаңалықтар