Футзалдан Қазақстанның Әзірбайжанға қарсы ойнайтын құрамы жарияланды

12 қыркүйек 2022 15:09
©ҚФФ

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Рикардо Кака Әзірбайжанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.

Оқу-жаттығу жиыны 12 қыркүйек күні басталады. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Қос ойынды да "Халық Арена" спорт кешені қабылдайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы: 

Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – "Қайрат"), Ақжол Қайратұлы ("Каспий");

Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы – "Қайрат"), Тайнан ("Эль-Посо", Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Жаһангер Рашит (барлығы – "Каспий"), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – "Аят"), Евгений Кошкин ("Астана"); 

Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Серік Үнбаев – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.

Ойын кестесі:

19 қыркүйек 2022 жыл

Қазақстан – Әзірбайжан

20 қыркүйек 2022 жыл

Қазақстан – Әзірбайжан

Ойынның басталу уақыты кейін белгілі болады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: