Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Рикардо Кака Әзірбайжанмен өтетін жолдастық кездесулерге шақырылған ойыншылар тізімін жариялады.
Оқу-жаттығу жиыны 12 қыркүйек күні басталады. Жиын аясында Қазақстан құрамасы Әзірбайжанмен екі жолдастық кездесу өткізеді. Қос ойынды да "Халық Арена" спорт кешені қабылдайды.
Футзалдан Қазақстан құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Игита, Нарун Серіков (екеуі де – "Қайрат"), Ақжол Қайратұлы ("Каспий");
Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Дәурен Нұрғожин, Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Альберт Ақбалықов, Эдсон (барлығы – "Қайрат"), Тайнан ("Эль-Посо", Испания), Арнольд Кнауб, Райымбек Жұма, Жаһангер Рашит (барлығы – "Каспий"), Азат Валиуллин, Әбдірасул Әбдіманапұлы (екеуі де – "Аят"), Евгений Кошкин ("Астана");
Жаттықтырушылар штабы: Рикардо Кака – бас бапкер, Серік Үнбаев – бас бапкердің көмекшісі, Григорий Шамро – қақпашылар жаттықтырушысы, Тьяго Дуарте Вийера – физиотерапевт.
Ойын кестесі:
19 қыркүйек 2022 жыл
Қазақстан – Әзірбайжан
20 қыркүйек 2022 жыл
Қазақстан – Әзірбайжан
Ойынның басталу уақыты кейін белгілі болады.