Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

© ҚФФ

Бүгін футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңінe арналған жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жеребе қорытындысына сәйкес, Қазақстан құрамасы 5-ші топта Словения мен Черногория құрамаларымен күш сынасатын болады.

Турнир ережесі бойынша 36 команда үш командадан 12 топқа бөлініп, әр қарсыласпен өз алаңында және сырт алаңда бір ойыннан өткізеді. 12 топтың жеңімпаздары мен екінші орын алса да, үздік деп танылған төрт команда тікелей элиталық раундқа жолдама алады. Ал өз топтарында екінші орын алған тағы сегіз команда өтпелі матч өткізеді.

Негізгі турдың матчтары 12-21 қыркүйек, 3-12 қазан, 6-9 қараша, 27 ақпан және 8 наурыз аралығына жоспарланған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: