Футзалдан Қазақстан чемпионатының ең мықты бомбардирі испаниялық клубқа кетеді

Матеус Преа (14). Сурет: KazFootball.kz
 Рудныйлық "Аят" шабуылшысы Матеус Преа Испанияның жоғары дивизионындағы "Винья Альбали Вальдепеньяс" клубымен алдын ала келісімшартқа қол қойды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық ойыншы клубтық маусымды Қазақсатнда аяқтап, "Аят" сапында Чемпиондар лигасында ойнайды. Бірақ тамызда ол Испанияға аттанады. 

Преа 2019/20 маусымындағы Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі, оның есебінде 17 ойында 24 гол. Ал 18 матчте 35 ұпай жинаған "Аят" ел чемпионатының турнир кестесінде үшінші келеді. Сонымен қоса, бразилиялық форвард Чемпиондар лигасының негізгі және элиталы раундтарындағы алты матчте бес гол салған. 

Еске салайық, футзалдан Қазақстан чемпионаты 3 шілдеде қайта жалғасады. Ойындардың бәрі Нұр-Сұлтанда өтеді.
Метки:
Жаңалықтар