Футзалдан Қазақстан чемпионаты жартылай финалында ойнайтын командалар анықталды

Сурет: ҚФФ

Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф кезеңіндегі жартылай финалда ойнайтын жұптар анықталды,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай финалдық кездесуде алматылық "Қайрат" пен рудныйлық "Аят" ойнайды. Финалға екінші жолдама үшін "Ақтөбе" мен "Атырау" таласады.

Бірінші матчтер 14 және 15 сәуірде, ал қарымта ойындар - 18 және 19 сәуірде.

Метки:
Жаңалықтар