Футзалдан Қазақстан - Әзірбайжан матчіне тікелей трансляция

20 қыркүйек 2022 11:26
©ҚФФ

Бүгін, 20 қыркүйекте футзалдан Қазақстанның ұлттық командасы 2024 жылғы ӘЧ-ге дайндық аясында Әзірбайжан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ақтауда өтетін ойын 17:20-де басталады. Матчті Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында да қолжетімді.

Кеше өткен бірінші матчте Қазақстан әзірбайжандықтарды 5:3 есебімен ұтты.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы ӘЧ-ге іріктеудің бірінші матчін өз алаңында Словенияға қарсы 8 қазанда өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар