Футзалдан ел құрамасының ойыншысы мансабына қатысты шешім қабылдады

©instagram.com/mfc_caspiy

Футзалдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Арнольд Кнауб мансабын "Каспийде" жалғастырады, деп хабарлайды ақтаулық клубтың баспасөз қызметі.  

Кнауб маңғыстаулық команда сапында 2023 жылға дейін ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Кнауб германиялық "Фортунамен" келісімшарт жасасқан еді, бірақ, клуб құжаттарды уақытылы туралап үлгермей, ойыншы ол жаққа ауыса алмады. Нәтижесінде қарағандылық "Тұлпар" түлегі ақпан айынан "Ақтөбе" сапында ойнады. Ал қазандағы Қазақстан құрамасының нәтижелі ойындарынан кейін "Динамо-Самарамен" келісімге келген еді. Алайда өткен маусымның соңғы ойындарын ол "Каспий" сапында өткізді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: