Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды

©ҚФФ

Футзалдан 2024 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Қазақстанның қарсыласы болуы мүмкін деген құрамалар белгілі болды, деп жазады KazFootball.kz порталы. 

Іріктеудің бұл кезеңінде Еуропа құрлығынан 36 құрама қатысады. Олар үш-үштен 12 топқа бөлінеді. Жеребе тарту рәсімі 8 шілде күні өтеді. Іріктеу кезеңінің өзі 2023 жылдың 8 наурызында аяқталады. 

Осы іріктеуде Қазақстанның қарсыластары мына құрамалар болуы мүмкін: Испания, Ресей, Португалия, Хорватия, Сербия, Әзірбайжан, Италия, Чехия, Украина, Словения, Босния және Герцеговина, Польша, Финляндия, Румыния, Словакия, Грузия, Беларусь, Нидерланды, Венгрия, Франция, Бельгия, Латвия, Солтүстік Македония, Германия, Черногория, Дания, Кипр, Армения, Косово, Литва, Израиль, Швеция, Аустрия, Молдова, Грекия.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: