Футболшыны ұрған бапкер алаңнан қуылды

© TUDN
Италияның D сериясындағы "Гросетто" мен "Монтеросси" арасындағы матчте қызықты оқиға болды. 

Ойынның 78-ші минутында "Гросетто" бапкері Ламберто Магрини жартылай қорғаушы Риккардо Кретелланы Маттиа Раванеллиге алмастырады.

Бұған наразы болған Кретелла ызасын ым-ишарамен көрсетеді, осыдан кейін бапкер футболшының шүйдесінен нұқып қалды. 

Көмекшісімен азырақ ақылдасқан бас төреші бапкерге бірден қызыл қағаз көрсетті. 



С?ОЙын "Гросетто" спайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Жеңіс голын 49-шы минутта Филиппо Боккарди салды.
Жаңалықтар