Мадридтік "Реалдың" жартылай қорғаушысы Арда Гүлер 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында клубтық статистикаға өз үлесін қосты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Түркия құрамасының 21 жастағы жартылай қорғаушысы топтық кезеңнің үшінші турында АҚШ құрамасына қарсы матчта гол соғып, өз командасының 3:2 есебімен жеңіске жетуіне көмектесті.
Opta мәліметінше, Гүлердің голы 2026 жылғы әлем чемпионатында "Реалдың" қазіргі ойыншылары соққан оныншы доп болды. Бұл көрсеткіш бойынша мадридтік клуб әлемнің барлық командалары арасында көш бастап тұр.
Екінші орында алты голдан еншілеген ПСЖ, "Кристал Пэлас" және "Сандерленд" клубтары келеді.
"Реалдың" бұл жетістігіне Килиан Мбаппе мен Винисиус Жуниор әрқайсысы төрт голдан соғып қомақты үлес қосты. Сондай-ақ, Джуд Беллингем бір мәрте мергендік танытса, мерейтойлық оныншы голдың авторы Арда Гүлер атанды.
Жарнама