Футболшылар дүрлігуде. "Барселонада" дәрігерлер кесірінен ойыншылар зардап шегіп жатыр

Сурет: Soccernews.ru
"Барселона" футболшылары каталондық команданың медициналық штабы жұмысын нашар атқаратынына наразы, - деп хабарлайды TV3

Атап айтқанда Френки де Йонг дәрігерлердің диагнозды басынан дұрыс қоймағанына ашуланып, емделуге отанына қайтып кетпек.  Кейін нидерландық хавбекте балтыр бұлшықетінің жарақаты бар екені анықталған, оның салдарынан ол маусым аяғына дейін ойнай алмайды. 

Сонымен қоса, каталондық командада өзге де ойыншылардың дәрігерлерге наразылығы артып келеді, соның ішінде Самюэль Умтити мен Усман Дембеле жарақаттарын Катарда емдеуді жөн санаған екен.

Футболшылар диагностиканы дұрыс жасамау, емделу курсын жөнсіз жоспарламау мен бір жерін бірнеше рет жарақаттау жағдайлары бойынша дәрігерлерге кінә артуда.