Футболшылар ауыз ашу үшін төреші ойынды тоқтата тұрған
Түркияда қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашуы үшін төреші матчты уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды "Чемпионат".
Түркияда қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған футболшылар ауыз ашуы үшін төреші матчты уақытша тоқтатты, - деп хабарлайды "Чемпионат".
Бұл Түркия Бірінші лигасында "Гиресунспор" мен "Кечиоренгюджю" арасындағы кездесуде болған. Бас төреші ойынды 11-минутта тоқтатқан.
Шағын үзіліс кезінде футболшылар су ішіп, жеңіл тағамдар жеген. Twitter желісіндегі beIN Sports парақшасында жарияланған видео төрт миллион қаралым жинап, 1,5 мыңнан аса қолданушы пікір жазған.
? GZT Giresunspor - Ankara Keçiörengücü maçında yaşanan sakatlık ile ezan saati denk gelince, oyuncular maç sırasında oruçlarını açtı. #beINSPORTS pic.twitter.com/Fec6Q5ERKP
— beIN SPORTS Türkiye (@beINSPORTS_TR) April 13, 2021
Жарнама