Футболшы сәбіз жеймін деп жағын сындырып алды

13 қыркүйек 2021 16:49
©nevasport.ru

Голландиялық "Херенвен" командасында ойнайтын шведциялық футболшы Рами Каиб жарақат салдарынан бірнеше апта саптан шығып қалды, деп хабарлайды "Чемпионат".

"Каиб біраз уақыт бұрын ойын кезінде жағынан қатты соққы алған. Ол жаттығуын жалғастыра берді, әрине, тамақтануы да керек. Ол сәбіз жемек болған, ал көкөніс қатты болып шықты. Сол кезде сырт етіп жағы сынып кетті", - дейді Voetbalzone тілшісі.

"Херенвен" Эредивизидің төрт турынан кейін сегіз ұпаймен төртінші орында. Ал көш басында 12 баллмен ПСВ келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар