"Мальме" шабуылшысы Мохамед Турай өзінің үйлену тойына қатыспай Еуропа Лигасының матчында ойнауға мәжбүр болды, деп жазады "Чемпионат".
27 жастағы форвард жазғы трансферлік маусымда швециялық клубқа ауысқан. Дәл тойы болатын күні клуб тарапынан салтанатты мерекеге қатыспау туралы өтініш айтылған. Нәтижесінде футболшы өз тойына қатыспай, күйеу жігіттің орнына ойыншының ағасы қатысқан.
"Сүйген адамыма қосылып, тойымды өткіздім. Енді ол менің сүйікті жарым және ең жақын досым. Енді сенімен бірге өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көруге асықпын", - деп жазды Турай әлеуметтік желіде.
Твиттер парақшасына жүктеген суреттерді футболшы мен жары тойға дейін фотосессияда түскен.
Ал Еуропа Лигасының іріктеу айналымында Турай "Мальме" сапында тек 10 минутқа "Дюделанж" командасына қарсы матчта алаңға шықты.