Футболшы "Ливерпульде" ойнау үшін бас бапкерді алдағанын мойындады

Сурет: MyLFC.ru
"Ливерпульдің" бұрынғы ойыншысы Макси Родригес The Mirror басылымына берген сұхбатында мерисайдтықтар сапына өту үшін қулыққа баруға тура келгеннін мойындады.

2010 жылы Родригес англиялық клубқа мадридтік "Атлетико" сапынан ауысып барған. Ол кезде "Ливерпульді" Рафаэль Бенитес жаттықтырған еді.

"Рафа маған командада барлығы ағылшынша білуі маңызды деді. Менен сұрағанда менің жауабым: "Иә, әрине, уайымдама" болған еді. Келіссөз үзілгенін қаламадым, сондықтан өтірік айттым.

Бірақ одан кейін Англияда баспасөз мәслихаты болды. Рафа алдымен, мен одан кейін сөйлеуім керек еді. Сол кезде мен оған: "Тыңдашы, мен "сәлем" деуді ғана білемін". Ол маған: ""Ах боқмұрын" деді. Сосын екеуміз де күлдік, кейін ағылшын тілін үйрендім", - дейді Родригес.

Макси "Ливерпуль" сапында 2010 мен 2012 жылдар аралығы ойнап, Англия лигасының кубогын ұтқан.
Жаңалықтар