Футболшы құлақ сырғасына қатысты алаңнан қуылды
"Специя" шабуылшысы Мбала Н'Зола Италия чемпионатында құлақ сырғасына қатысты ойыннан шеттетілді, деп жазады "Чемпионат" сайты.
"Специя" шабуылшысы Мбала Н'Зола Италия чемпионатында құлақ сырғасына қатысты ойыннан шеттетілді, деп жазады "Чемпионат" сайты.
Біріншіліктің 33-турында "Специя" мен "Интер" матчында Н'Зола 60-минутта алаңға шықты. Араға бір минут салып бас төреші ойыншының құлағынан үлкен сырғаны байқап, шешуді сұраған. Футболшы алаң жиегінде клуб қызметкерлерінің көмегімен сырғаны шеше алмай әбігерге түседі. Нәтижесінде "Специя" бас бапкері Тьяго Мотта оның орнына 70-минутта шабуылшы Жанис Антистті шығаруға мәжбүр болады. Осының салдарынан онсыз да ұтылып жатқан алаң иелері Мбаланың кетуінен кейін тағы бір гол өткізіп алды. Қорытынды есеп 1:3.
А сериясында 33 кездесу өткізген "Специя" 33 ұпаймен 15-орынға жайғасса, "Интер" 32 ойын өткізіп, 69 баллмен екінші орында келеді.
Жарнама