"Бангкок" футбол клубы қарсыласын ұрып құлатқан ойыншымен келісімшартты үзді, деп хабарлайды Sportbible.com.
Тайландтық футболшы Айтсарет Нойчайбун елдің үшінші деңгелі чемпионатында "Норт Бангкок Юниверсити" командасымен матчте өзін аяқтан шалған Супасан Руангсупханимитті шынтақпен ұрып құлатты.
Нойчайбунді бірден алаңнан қуды. Осыдан кейін Руангсупханимит бірден ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның бетіне 24 тігіс салды.