Футбол
11 мамыр 2020 15:13
 
Футболшы карантиннен кейінгі бірінші жаттығуда-ақ бет сүйегін сындырды

  Пікірлер

blog.share

Футболшы карантиннен кейінгі бірінші жаттығуда-ақ бет сүйегін сындырды Сурет: Football.ua

Германиялық "Вольфсбург" футбол клубының қорғаушысы Янник Герхардт команданың карантиннен кейінгі бірінші жаттығуында-ақ ауыр жарақат алды.

"Вольфсбург" әзірге Янник Герхардтсыз. Қорғаушы клубтың бірінші жаттығуында бет сүйегін сындырды. 26 жастағы футболшы қазір ауруханада, ол жерде жарақаттың қаншалықты ауыр екені анықталады", - делінген клубтың ресми сайтында.

Германия чемпионатының биылғы маусымында Герхардт 13 матчте ойнап, екі гол салды. 

Мұның алдында Бундеслига мамырдың он алтысында қайта жалғасатыны хабарланған. Бірінші ойында дортмундтық "Боруссия" мен "Шальке-04" ойнайды. Барлық матчтер көрерменсіз өтеді

Жарнама

Живи спортом!