Футболшы бірінші голды қарсыластарын мазақ етіп салды

Виталий Лисакович (оңынан бірінші). Сурет: "Шахтер" ФК
Солигорлық "Шахтердің" шабуылшысы Виталий Лисакович Баларуссия чемпионатының 16-шы тур матчінде "Торпедо-БелАЗ" қақпасына голды қарсыластарын мазақ етіп салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жодинода өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. Бұл ойында Лисакович дубль жасады - 57 және 83-ші минутта. Ол бірінші голды голкипер мен қорғаушыны алдап өтіп, одан кейін допты үшінші қарсыластың үстінен асырып салды. 



Турнир кестесінде "Шахтер" 30 ұпаймен бірінші келеді, БАТЭ командасынан қосымша көрсеткіштер бойынша озып тұр. Ал 22 жастағы Лисакович осымен 16 матчте тоғыз гол салып, 16-шы тур қорытындысы бойынша Беларуссия футбол федерациясының тұжырымынша ең мықты футболшы атанды.