Франциялық 21 жастағы футболшы Кензо Кьес қайғылы жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дереккөз мәліметінше, "Генгам" клубының қосалқы құрамында ойнаған жартылай қорғаушы Лион маңындағы Рона өзеніне батып кеткен. Футболшы Францияны шарпыған 40 градусқа дейінгі аптап ыстықтан қорғану үшін өзен жағасына барған.
Қайғылы оқиғаның мән-жайыКьес өзен жағасында үш досымен бірге демалып жүрген. Құтқарушылар суға кеткен төрт адамның үшеуін аман алып шыққанымен, футболшы соңғы болып табылған.
Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Франциядағы аптап ыстықтың салдарыФранция премьер-министрі Себастьян Лекорнюдің айтуынша, елде қалыптасқан аномальды ыстық салдарынан бір аптаның ішінде 40 адам суға кетіп көз жұмған.
Болашағынан үміт зор едіКензо Кьес футболдағы алғашқы қадамдарын Олимпик Лион және Сент-Этьен академияларында бастаған.
Өткен жазда ол Генгам клубына ауысып, команданың резервтік құрамында өнер көрсеткен.
Марқұмның бұрынғы клубтары оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Ал «Сент-Этьен» жаңа маусым басталғанда өз алаңында футболшыны еске алуға арналған арнайы шара өткізетінін мәлімдеді.