Футбол
11 тамыз 2022 17:07

"Футболға қайта оралса, қаһарман болады!". Байсуфинов допингпен ұсталған Әбікен туралы

©"Қайрат" ФК

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Талғат Байсуфинов допингпен ұсталып, төрт жылға шеттетілген Айбол Әбікеннің болашағы туралы пікір айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында маман бұл жаза тым қатал деді. 

"Төрт жыл - тым қатал жаза. Осы Әбікеннің жағдайына қарап отырып допинг мәселесіне қатысты шара қолданып, қолға алу керек екенін айтқым келеді. Айболға барлығына тыйым салынды. Мұндай жазадан кейін футболға қайта оралса, қаһарман болады. Әрбір футболшы осы ойын арқылы өз нанын тауып жатқанын, карьерасын құрып жатқанын сезіну керек. Осындай қателіктердің арқасында құрама мықты футболшысынан айырылып жатыр", - деді Байсуфинов. 

Еске салайық, мамыр айының басында Әбікеннің қанынан рұқсат етілмеген препарат табылды. Оның допинг-сынамасынан милдронат шыққан. Жартылай қорғаушы енді тек 2026 жылдың сәуірінде ғана футболға қайта орала алады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport