Футбол
26 маусым 16:30
 

Футболдан ұлттық құрама ойыншысы туған командасына оралды

  Пікірлер

blog.share

Футболдан ұлттық құрама ойыншысы туған командасына оралды ©

Қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов мансабын Бірінші лигадағы Павлодардың "Ертіс" командасында жалғастырады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

blog.share

Қазақстандық жартылай қорғаушы Арман Кеңесов мансабын Бірінші лигадағы Павлодардың "Ертіс" командасында жалғастырады, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 24 жастағы ойыншы туған клубында маусымның соңына дейін өнер көрсетеді.

– "Ертіс" футбол орталығының түлегі, негізгі команда қатарында 2018 жылы дебюттік ойынын өткізген еді. Премьер-Лигадағы «Шахтерға» қарсы ойында Арман бар-жоғы 17 жаста еді. Жалпы "Ертіс" жастар құрамасында 58, ал негізгі команда қатарында 14 матчқа қатысқан.

Отандық футбол сүйер қауымға "Ақтөбе" қатарындағы ойынымен танымал болды. Аталмыш команда сапында үш маусым өткізіп, 81 матчқа қатысып, 11 гол соғып, 6 нәтижелі ассист авторы атанған. "Ақтөбемен" бірге Қазақстанның вице-чемпионы атанып, екі мәрте қола жүлдегер болған. Сол сияқты ресейлік "СКА-Хабаровск" және қызылордалық "Қайсар" клубтарында нәтижелі ойын өрнегімен көзге түскен. Биылғы маусымда еліміздің жоғары біріншілігінде "Астана" клубының намысын қорғаған, - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Арман Кеңесов жалпы Қазақстан Премьер-Лигасында 106 матч өткізіп, 14 голдың авторы атанған.
Сонымен қатар Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 4 матчқа қатысқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от «Ертіс» ФК | Павлодар (@ertis_fk)

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!