Футболдан Түркия ұлттық құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі плей-оффтың жартылай финалында Румыния ұлттық құрамасын жеңіп, финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ыстанбұл қаласында өткен матчта алаң иелері 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойында түріктерге жеңіс сыйлаған голды 53-минутта қорғаушы Ферди Кадыоглу соқты.
Осылайша, Түркия құрамасы плей-оффтың финалдық кезеңіне шықты. Онда олар Косово ұлттық құрамасымен кездеседі. Косово өз кезегінде Словакия ұлттық құрамасын 4:3 есебімен ұтты. Ал Румыния құрамасы әлем чемпионатынан тыс қалды.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты келесі жазда АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.
Жарнама