Футболдан Ресей чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

©"Спартак" ФК

Футболдан Ресей Премьер-лигасында өнер көрсететін командалар чемпионатты мерзімінен бұрын тоқтату мәселесін қарастырып жатыр, деп жазады sports.md порталы. 

Біріншілікте өнер көрсететін командалардың басшылары жиналған отырыста чемпионатты наурыз және мамырда аяқтау туралы ұсыныс айтқан. Осылайша ресейлік командалар легоинерлердің кетуінің алдын ала алады. Бұл шешімнің арқасында олар біріншілікті мерзімінен бір ай бұрын аяқтамақшы. 

Айта кетейік, осыған дейін "Краснодар" командасы қаржылық қиындықтарға байланысты шет елдік футболшылармен келісімшартты тоқтатқан болатын. Олардың барлығы да клубтан кетіп қалды.

Ресейден тек футболшылар ғана емес, бапкерлер де кетуде. Украинамен арадағы жағдайға байланысты "Локомотивтің" бапкері Маркус Гисдоль өз еркімен арыз жазып, жұмыс орнын босатты. 

Еске салайық, қазіргі уақытта Ресей чемпионатында Нұралы Әліп, Бақтияр Зайнутдинов және Марат Быстров секілді Қазақстан құрамасының футболшылары өнер көрсетеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport