Футболдан Мексика құрамасының капитаны да Мессиді қолдады

©twitter.com/AGuardado18

Футболдан Мексика құрамасының капитаны Андрес Гуардадо боксшы Сауль "Канело" Альварес пен Аргентина құрамасының футболшысы Лионель Месси арасындағы дауға қатысты өз пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Осыған дейін Альварес Мексиканың туын жерге тастай салғаны үшін Мессидің сазайын берем деп мәлімдеме жасады. 

"Канело" футболшылардың киім ауыстыратын бөлемесінде не болатынын білмейді. Сондықтан оның айтқаны - бос сандырақ. Киім ауыстыратын бөлмеде болмаған адам, ішкі атмосфераны білмейді. Бұл қалыпты жағдай. Жерде жатқан жейделердің барлығы жуылады. Мен де ойыннан кейін Леоның жейдесін жерге тастай салдым. Оны маған қызметкерлер жуып берді", - деді Гуардадо. 

Айта кетейік, бұл жағдайдан кейін Мессиді Аргентина құрамасының бұрынғы футболшысы Серхио Агуэро, Испанияның бұрынғы футболшысы Сеск Фабрегас, боксшы Майк Тайсон да қолдады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар