Футбол
Бүгін 13:24

Футболдан келесі әлем чемпионатының жеңімпазы аталды

©azertag.az

Белгілі ESPN порталы 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетуге басты үміткер саналатын ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тізімді жасауға басылымның 19 журналисі қатысқан.

Олардың әрқайсысы өздерінің үздік 15 құрамадан тұратын рейтингін жасады. Бірінші орынға болашақ әлем чемпионы болады деген команданы орналастырса, 15-орынға турнирде тосынсый жасауы мүмкін, бірақ, әзірге басты фавориттердің қатарына кірмейтін құрама енгізілді.

ESPN рейтингі

Испания (15 журналист бірінші орынға қойған);
Франция (төрт журналист бірінші орынға қойған);
Англия;
Португалия;
Бразилия;
Марокко;
Аргентина;
Германия;
Норвегия;
Нидерланд;
Бельгия;
Италия;
Колумбия;
Жапония;
Мексика.

Айта кетейік, қазіргі таңда Испания құрамасы әлем және Еуропа чемпионы саналады. Испаниялықтар 2026 жылғы әлем чемпионатында топ жарса, оған дейін Еуро-2024 турнирінде де жеңіске жеткен болатын.

Сондықтан ESPN сарапшыларының пікірінше, дәл Испания 2030 жылғы әлем чемпионатына басты фаворит мәртебесінде келеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport