Елдегі соңғы жағдайларға баланысты футболдан Қазақстан Суперкубогі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Meta-ratings.kz порталы.
"Маусым ортасында Қазақстан Суперкубогін өткізетін уақыт табылатын шығар. Сондай-ақ Суперкубок ойынына төрт команда емес, екі клуб қатысатын сияқты", - деп жазады дереккөз.
Еске салайық, 2022 жылғы Қазақстанның Суперкубогі 24 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтуі керек еді. Оған "Тобыл", "Астана", "Қайрат" және "Қызыл-Жар" қатысу керек болатын.