Футболдан Қазақстан суперкубогының финалы өтетін орын белгілі болды

© ҚКФЛ
Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы өзінің ресми сайтында 2020 маусымындағы Қазақстан Суперкубогы өтетін орынды жариялады.

Жаңа футбол маусымын ашатын кездесу 29 ақпан Қостанайдағы "Тобыл Аренада" өтеді.

Еске салайық, трофей үшін "Астана" мен 2019 жылғы Қзақстан кубогының иегері қызылордалық "Қайсар" таласады.