Футболдан Қазақстан суперкубогы тікелей көрсетіледі

Сурет: ҚФФ

Qazsport арнасы футболдан Қазақстан суперкубогының ойындарын тікелей көрсетеді,- деп хабарлайды KazFootball.kz.

Еске салайық, матчтердің бәрі Түркістан қаласындағы "Түркістан-Арена" стадионында өтеді.

Жартылай финалдық бірінші кездесу "Шахтер" - "Астана" 2 наурызда, екінші "Тобыл" - "Қайрат" - келесі күні. Екі ойын да 17:00-де басталады. Үшінші орын үшін ойын 5 наурыз 15:00-де. Ал Суперкубок финалы 6 наурыз 17:00-де.

Қазақстан суперкубогы осындай форматта алғаш рет өтеді. Мұның алдында трофей ҚПЛ жеңімпазы мен Кубок иегері арасында ойнатылатын.

Жарыстың жүлде қоры 40 миллион теңге. Суперкубок жеңімпазы 25 миллион алады. Күміс жүлдегерге он миллионға аз беріледі. Ал үшінші орын алған командаға бес миллион. 

Суперкубоктың қазіргі иегері "Астана".