Футболдан Қазақстан Суперкубогінің басталатын уақыты анықталды

©ҚКФЛ

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы Суперкубок ойыны қашан басталатынын хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

2022 жылғы маусымның шымылдық ашар кездесуінде ел чемпионы "Тобыл" мен Қазақстан кубогінің иегері "Қайрат" кездеседі. Бұл ойын 2 наурыз күні "Астана Аренада" өтеді. Матч елорда уақытымен 19:30-да басталады. 

Еске салайық, әу баста Қазақстан Суперкубогіне жоғарыдағы екі клубтан бөлек, өткен жылғы қола жүлдегер "Астана" және төртінші орын алған "Қызыл-Жар" таласуы керек еді. Бірақ күнтізбенің тығыз болуына байланысты командалардың саны қысқартылды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар