Футбол
26 шілде 2021 23:28

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы еуропалық клубқа ауысты

https://www.instagram.com/rudosselskiy/

Қазақстандық футболшы Тимур Рудосельский арменияның "Севан" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Севан" клубының негізі 2018 қаланған және өткен маусым нәтижесі бойынша біріншіліктің жоғарғы дивизионына өткен. 

Аз уақыт бұрын 26 жастағы қорғаушы бірнеше ай намысын қорғаған "Қайсар" клубынан кеткен еді. 

Бұған дейін де Рудосельский Армения біріншлігінде "Лори" сапында ойнаған болатын. Ванадзор қаласының клубы көшбасшылар сапында келе жатса, қазақстандық ойыншы өз позициясында бірнеше рет үздік деп танылып үлгерген де болатын. Алайда команда жергілікті федерациямен болған жанжалдан кейін турнирден кетуге мәжбүр болған.

Рудосельский "Қайрат" тәрбиеленушісі және клуб сапында 60-тан астам ойын өткізген. Сонымен қатар, Израильдің бірінші дивизионында "Хапоэль" (Петах-Тиква) және қазақстандық "Жетісу" мен "Оқжетпес" намысын да қорғаған.

Үстіміздегі жылдың наурызында ойыншы Қазақстан құрамасы сапына Франция және Украинаға қарсы ойындарға шақырылған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport