Футболдан Қазақстан құрамасының бапкеріне қатысты тың ақпараты шықты
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтің қашан ресми түрде таныстырылатыны анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтің қашан ресми түрде таныстырылатыны анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Талғат Байсуфиновті құраманың бас бапкері ретінде 2022 жылдың басында бапкерлік кеңестен кейін қайта тағайындайды", - деп жазады "Гол емес" телеграм-каналы.
Еске салайық, бұған дейін Байсуфинов қызметінде қалады деген ақпарат шыққан болатын. Бапкермен жаңа келісімшарт бір жылға жасалады.
Айта кетейік, Байсуфиновтің бастамасымен Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының іріктеуінде өнер көрсетіп, үш ұпайға қол жеткізген болатын.
Ал Ұлттар лигасында біздің құрама наурыз айында Молдава құрамасына қарсы ойнайды. Егер сол кездесуде жеңілсек, бас бапкерді қызметінен алып тастауы мүмкін.
Жарнама