Футболдан Қазақстан құрамасына Ұлттар лигасынан кейін қарсыластар табылды

©Тұрар Қазанғапов

Футболдан Қазақстан құрамасы қараша айында жолдастық кездесу өткізуі ықтимал, деп хабарлайды Aladop телеграм-арнасы.

Мәлімет бойынша, матчтің шамалай уақыты мен ықтимал қарсыластары белгілі. 

"Қазақстан ұлттық құрамасы биыл бір жолдастық кездесу өткізуі тиіс. Қазір келіссөздер жүргізіліп жатыр. Матч қараша айында өтеді. Себебі ФИФА күнтізбесі соған лайықталған. Қарсылас құрама ретінде Сауд Арабиясы, БАӘ, Иран құрамалары қарастырылып жатыр.", - деп жазады мәлімет көзі.

Еске салайық, қыркүйекте ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы қалған матчтерін ойнайды. Магомед Адиев жаттықтыратын команда қазір С тобында көш бастап келеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар