Футболдан Қазақстан құрамасы қатарынан 13 кездесуде жеңіске жете алмауда

©ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы 11 ресми кездесуінде жеңіске жете алмай жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Ал егер жолдастық кездесуді қосып есептейтін болса онда жеңіссіз өткен серия 13 матч болады. Соңғы рет Қазақстан құрамасы 2020 жылдың 4 кыркүйегінде Ұлттар лигасы аясында Литва (0:2) құрамасын жеңген еді. 

Соңғы 11 ресми кездесуде біздің құрама жеті мәрте жеңіліп, төрт кездесуде қарсыласпен тең ойнаған. 

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы ойынын Босния және Герцеговина құрамасына қарсы өткізіп, 0:2 есебімен ұтылды. 

 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар