Футболдан Қазақстан құрамасы Әзербайжаннан да ұтылып қалды

©kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халадашта (Венгрия) Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізіп, 3:2 есебімен ұтылып қалды. Ойында 2:0 есебімен ұтып тұрған. 

Жолдастық кездесуді қазақстандық футболшылар сәтті-ақ бастаған. 2-минутта Ян Вороговский баспен гол соғып, ұлттық құрама тарихындағы жылдам голдардың бірін соқты. 26-минутта Максим Самородов екінші голды соқты. Бұл екі голмен Қазақстан құрамасы жеңіске жете алмады. Бірінші тайм аяқталғанға дейін Әзербайжан құрамасы сапынан Махир Эмрели есепті қысқартты. 

Екінші тайм басында Эмин Махмудов пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді. Ал 73-минутта Турал Байрамов айып соққысын асқан шеберлікпен орындап, жеңіс голын соқты. 

Руслан Балтиев бастап барған Қазақстан құрамасы бірер күн бұрын өткізген жолдастық ойында Армениядан да ұтылған еді. Ал жаңа бас жаттықтырушы Станислав Черчесов бас жаттықтырушылық қызметіне жуық арада кіріседі. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: