Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі тартылды

Сурет: "Қайрат" ФК

2021 жылғы Қазақстан кубогы топтық кезеңінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, турнир жаңа форматта өтеді. Топтық кезеңге 16 команда қатысады, премьер-лигадағы 14 клубқа бірінші лигадағы ОРБЖМСМ №8 және "Мақтаарал" қосылады.

16 қатысушы жеребе бойынша төрт топқа бөлінді. Әр команда алты матч өткізеді. Келесі кезеңге сегіз команда өтеді - өз тобында бірінші және екінші болғандар. 

"А" тобы: "Шахтер", "Ордабасы", "Қызыл-Жар", ОРБЖМСМ №8;

"B" тобы: "Тобыл", "Тараз", "Атырау", "Мақтаарал";

"C" тобы: "Астана", "Қайсар", "Ақтөбе", "Ақжайық";

"D" тобы: "Қайрат", "Жетісу", "Каспий", "Тұран".

Сонымен қатар, Қазақстан кубогының 1/4 финалының жеребесі тартылды. Бұл кезеңде жеңімпаз екі ойын қорытындысы бойынша анықталады. 

B тобындағы екінші орын - А тобындағы екінші орын;
D тобындағы екінші орын - С тобындағы екінші орын;
С тобының жеңімпазы - D тобының жеңімпазы;
А тобының жеңімпазы - B тобының жеңімпазы.