Бүгін, 25 маусым күні Қазақстан Кубогының жартылай финалы аясында алғашқы матчтар өтеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Сағат 18:00-де Петропавл қаласында "Қызылжар" Шымкенттің «Ордабасы» командасын қабылдайды. Ал 20:00-де Қостанайда "Тобыл" мен "Жеңіс" (Астана) клубтары өзара кездеседі.
Жеке кездесулер статистикасы:
- "Қызылжар" мен "Ордабасы" бұған дейін 39 рет кездескен. Петропавлдықтар 17 рет жеңіске жетіп, 8 рет тең болып, 14 рет ұтылған.
- "Тобыл" мен "Жеңіс" өзара 38 ойын өткізген. Қостанайлықтардың еншісінде 13 жеңіс, 10 тең ойын, 15 жеңіліс бар.
Екі матч та Qazsport телеарнасында және оның ресми сайтында тікелей эфирде көрсетіледі.
Қарымта жартылай финалдық матчтар 30 тамызда өтеді.
Жарнама