Футболдан Қазақстан кубогының екі матчіне тікелей трансляция

Сурет: "Ордабасы" ФК

Бүгін, 18 шілде футболдан Қазақстанның Olimpbet кубогы топтық кезеңінің екі ойыны өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сағат 19:00-де Нұр-Сұлтанда ОРМБЖСМ № 8 - "Ордабасы" ойыны, ал 21:00-де Түркістанда "Тұран" - "Жетісу" матчі өтеді. 

Екінші ойынды Qazsport тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен бірге, екі ойынды да PFLK.TV арнасынан тамашалауға боады.

Еске салайық, бірінші турда "Ордабасы" қарағандылық "Шахтерді" ұтқан (1:0), ОРМБЖСМ № 8 командасына техникалық жеңіліс жазылды, "Тұран" ақтаулық "Каспийден" ұтылды (0:4), ал "Жетісу" клубы "Қайратқа" есе жіберді (0:1).