Футболдан Қазақстан кубогы финалының өтетін орны мен уақыты белгіленді

©ҚКФЛ

Футболдан Қазақстан кубогының 2021 жылғы маусымының финалы "Астана Арена" стадионында 28 қарашада өтеді, деп хабарлайды ҚКФЛ ресми сайты.

Бұл трофей үшін "Қайрат" пен "Шахтер" таласады. Матчтің басталуы 20:30.

"Кубогтың финалдық ойынын тамашалағысы келетіндерге кіру тегін. Стадионға кіру үшін Нұр-Сұлтан қаласы бас санитар дәрігердің шешімімен ASHYQ қосымшасында жасыл статус көрсету керек. Стадионда жанкүйерлер әлеуметтік қашықтық сақтап орналасады және медициналық маска болу міндетті", - делінген лига хабарламасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport