Футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші тур матчтеріне тікелей трансляция

Сурет: "Қайрат" ФК
Бүгін, 18 тамызда премьер-лига командалары арасында футболдан Қазақстан чемпионатының төртінші тур матчтері өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ойын күнін ақтаулық "Каспий" мен алматылық "Қайрат" Талғарда бастайды. Матчтің басталуы Қазақстан астанасының уақытымен 17:00.

Ал 19:00-де Алматыдағы Орталық стадионда "Жетісу" - "Ордабасы" ойыны өтеді. 21:00-де "Тараз" бен "Қызыл-Жар СК" Алматыдағы "Жас Қыран" алаңында кездеседі. 

Матчтерді Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның сайтында қолжетімді.

"Шахтер" мен "Қайсар" арасындағы төртінші турдың тағы бір матчі 19 тамызда өтеді.

"Астана" Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу раундына қатысатындықтан бұл турда ойнамайды.