Футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші турының төрт ойынына тікелей трансляция

Сурет: "Тобыл" ФК

Бүгін, 19 мамырда футболдан Қазақстан чемпионатының қалған ойындары өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бүгін "Каспий" - "Шахтер" (18:00), "Тараз" - "Жетісу" (18:00), "Атырау" - "Ордабасы" (20:00) және "Тобыл" - "Қызыл-Жар" (20:00) командалары ойнайды.

Бірінші және төртінші ойынды Qazsport арнасы тікелей көрсетеді. Трансляция телеарнаның ресми сайтында қолжетімді. Сонымен қоса, барлық матчті PFLK.TV арнасынан тамашалауға болады.