Демек, 30 жастан асқан футболшылар келесі трансферлік кезеңнен бастап Қазақстанда ойнай алады.
"Отырыстағы басты мәселе легионер ойыншылардың жасына шектеудің алынуы. Барлық ұсыныс пен пікірді тыңдап, дауыс беру қорытындысы бойынша жас лимитін жазда алып тастау туралы шешім шығарды. Бұл матчтердің ұйымдастыру құрылымын жақсарту үшін жасалды. Делегаттар кездесулерді өткізуге байланысты мәселелерді мойнына алады, ал инспекторлар тікелей міндетін ғана атқаратын болды - төрешілер бригадасының жұмысына баға береді. Қызметті осылайша бөлу матчті өткізу сапасы мен деңгейін көтеруге септеседі", - дейді ҚКФЛ жетекшісі Олжас Абраев.