Футболдан Қазақстан чемпионаты қайтадан тоқтатылды

Сурет: "Қайрат" ФК
Премьер-лига командалары арасындағы футболдан ел чемпионаты тағы да тоқтатылды. Бұл туралы Қазақсанның кәсіпқой футбол лигасы Instagram желісі арқылы хабарлады. 

"Қазақсанның кәсіпқой футбол лигасы футболдан ел чемпионаты тоқтатылғанын хабарлайды. Коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік комиссияның шешімі негізінде 5 шілдеден бастап 14 күнге шектеу шаралары күшейтілді. Соның ішінде - спорттық шараларға да. Ары қарайғы жағдайға байланысты шектеу жалғасуы немесе қатаңдатылуы мүмкін. Осылайша, Қазақстан чемпионаты 14 күнге немесе қатаңдатылған жағдайда белгісіз уақытқа тоқтатылды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, ҚПЛ-дің 3-ші тур ойындары шілденің бірінде ғана басталған болатын. Бұл 16 наурыздан бергі алғашқы матчтер еді.