Футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасатын уақыт аталды

Сурет: "Қайрат" ФК
Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты маусымда қайта жалғасады. Клуб жетекшілерімен видеоконференция кезінде Кәсіпқой футбол лигасы осындай шешімге келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Мұның өзінде егер елімізде эпидемиялық жағдай оңды болса ғана. Бастапқыда матчтер көрерменсіз өтеді. 

"Төтенше жағдайды қамтамассыз ету бойынша мемлекеттік комиссия оңды шешім шығарып, ТЖ-ға қарсы аймақтық жедел штабтармен де кеңесе отырып, футбол клубтары ашық алаңда жатыға бастайды деп жоспарлануда", - делінген хабарламада. 

Турнир қарашада аяқталу үшін матчтер саны азайтылады. Үшінші айналым болмайды. Кездесу өткізу кестесі бұрынғысынша. Сонымен қатар, маусымда бірінші лига командалары арасындағы чемпионатта жалғасуы мүкін.